%yaBrandDTD; %yaFirstStartDTD; ]>
Бағдарламаны пайдаланбас бұрын бұл лицензиялық келісімнің шарттарымен танысыңыз. Бағдарламаны кез-келген мақсатқа пайдаланатын болсаңыз оның шарттарына толық және сөзсіз келісуіңіз керек.
Егер Сіз лицензиялық келісімнің шарттарына толық келіспесеңіз, Сіз осы бағдарламаны ешқандай мақсатқа пайдалануға құқылы емессіз.
Осы Лицензиялық келісім («Лицензия») Сіз, пайдаланушы, («Пайдаланушы»), және Бағдарламаға («Құқық иеленуші») айрықша құқықты иеленуші «ЯНДЕКС» ЖШҚ;, мекен-жайы: РФ, 119034, Мәскеу қ-сы, Лев Толстой көш., үй 16, арасында жасалған. Лицензия Пайдаланушымен ЭЕМ –на арналған бағдарламаны пайдаланылу шарттарын реттейді «Яндекс.Бар» («Бағдарлама»).
1.1. Пайдаланушы Бағдарламаны көшіріп алып өз дербес компьютеріне орнатқан кезде Лицензияның барлық шарттарымен толық және сөзсіз келіскенін білдіреді.
1.2. Бағдарламаны тек осы Лицензияның шарттарына сәйкес пайдалануға рұқсат етіледі. Пайдаланушы Лицензияның шарттарына толық келіспеген жағдайда, ол Бағдарламаны ешқандай мақсатқа пайдалануға құқылы болмайды. Лицензияның кез-келген шарттарының бірін бұзған жайғдайда, бағдарламаны пайдалануға тыйым салынады.
1.3. Бағдарламаны осы Лицензияның талаптарына сәйкес жеке коммерциялық емес мақсатта пайдалану ақысыз орындалады. Бағдарламаны осы Лицензияның талаптарына сәйкес емес жолмен пайдалану тек қана Құқық иеленушімен келісім бойынша Құқық иеленуші белгілеген сыйақы төленуі арқылы орындалуы мүмкін.
1.4. Құқық иеленуші осы Лицензияның аудармасын Пайдаланушыға орыс тілінен басқа тілдерге аударуға мүмкіндік береді, алайда, орыс тіліндегі Лицензия шарттарына қарама-қайшы келсе және оның аудармасы бұрмаланса, онда тек қана орыс тіліндегі Лицензия заңды күшке ие болады.
Құқық иесінің бұл Бағдарламаға жеке құқығы бар.
3.1. Бағдарлама
Құқық иесі Пайдаланушыға Бағдарламаны төмендегідей тәсілдермен пайдалануға жеке емес, тарамайтын құқықты (қарапайым лицензия) береді:
3.1.1. Бағдарламаны өз тікелей мақсатына пайдалану. Сол үшін оны Пайдаланушының дербес компьютеріне (компьютерлеріне) көшіріп алу және орнату. Пайдаланушы Бағдарламаны саны шектелмеген дербес компьютерлерге орнатуға құқылы. Бағдарламаны дербес компьютерге орнатқан кезде оның әр данасына Құқық иесіне автоматты түрде жіберілетін жеке нөмір беріледі.
3.1.2. Бағдарламаны коммерциялық емес (ақысыз) мақсаттарға жаңадан өндіру және тарату.
3.2. Бағдарлама мына атаумен пайдаланылуы керек: «Яндекс.Бар». Пайдаланушы Бағдарламаның атауын өзгертуге, авторлық құқықты қорғау белгісін немесе Құқық иесіне қатысты басқа көрсеткіштерді өзгертуге және/немесе жоюға құқылы емес.
4.1. Бұл Бағдарламаны тек Лицензияда немесе РФ заңнамасында көзделген көлемде және тәсілдермен пайдалануға болады. Пайдаланушы Құқық иесінің жазбаша келісімінсіз Бағдарламада пайдаланылған алгоритмдердің іске асуы туралы ақпаратты алу мақсатымен Бағдарламаның объектілік кодын декомпиляциялауға, дизассемблияциялауға, шифрды жай жазуға айналдыруға және онымен басқа амалдарды орындауға, Бағдарлама көмегімен туынды жұмыстарды жасауға және Бағдарламаны басқа мақсаттарға пайдалануға (пайдалануға рұқсат беруге) құқылы емес.
4.2. Пайдаланушы Құқық иесінің жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсаттарға (ақыға) жаңадан өндіруге және таратуға, сондай-ақ оны бағдарламалардың жинақтарында жаңадан өндіруге және таратуға құқылы емес.
5.1. Пайдаланушы төмендегімен таныс болып келіседі: Бағдарламада көрсету функциясын қосқанда «Дәйектеу индексін» Пайдаланушы Бағдарламаны пайдаланған кезде ол кірген интернет сайттың дәйектеу индексін анықтау үшін, бұл функция өшірілгенше, Құқық иесіне кірген сайт туралы жасырын (Пайдаланушыға байланысты емес) ақпарат автоматты түрде жіберіледі.
5.2. Пайдаланушы төмендегімен таныс болып келіседі: Бағдарламада көрсету функциясын пайдаланғанда «Пікірлер» Пайдаланушы Бағдарламаны пайдаланған кезде ол пайдаланған интернет сайт туралы пікірлердің санын анықтау үшін, бұл функция өшірілгенше Құқық иесіне көрген сайт туралы жасырын (Пайдаланушыға байланысты емес) ақпарат автоматты түрде жіберіледі.
5.3. Осымен пайдаланушы Internet Explorer үшін Бағдарлама нұсқасындағы мәтіндерді тексеру үшін «Емлені тексеру» функциясын пайдалану кезінде, Пайдаланушымен Бағдарламаны пайдалану уақытында браузерге енгізілетін барлық мәтіндер, құпия сөздерді енгізу пішіндеріне енгізілетін мәтіндерді қоспағанда, қол қоюсыз (Пайдаланушымен байланыстырмай-ақ) Құқық иеленушісінің автоматтандырылған емле тексеру құралына жіберілетіні туралы ескертілген және келіседі. Емлені тексеру құралында пайдаланылатын орыс және украин тілдері үшін ОРФО (СБ ОРФО) сөздік қорларына айрықша құқық Информатик компаниясына тиесілі: СБ ОРФО © ОРФО™, «Информатик» ЖШҚ, 2009.
5.4. Осымен пайдаланушы Бағдарламада «Сөздерді аудару» функциясын пайдалану кезінде, сөздерді аудару ПРОМТ компаниясымен (http://www.promt.ru/) әзірленген технологияларды пайдаланып жүзеге асырылатыны туралы ескертілген және келіседі. Аудармалардың логтары қол қоюсыз (Пайдаланушымен байланыстырмай-ақ) Құқық иеленушіге жіберіледі.
5.5. Осымен пайдаланушы «Тұрған орынды анықтау» функциясын пайдалану кезінде, Пайдаланушы компьютерінің IP-мекен-жайы және қол жетімді Wi-FI желілер туралы деректер қол қоюсыз (Пайдаланушымен байланыстырмай-ақ) Құқық иеленушінің әріптесінің автоматтандырылған тұрған орынды анықтау құралына жіберілетіні туралы ескертілген және келіседі. Пайдаланушылардың тұрған орнын IP-мекен-жайы және Wi-FI желілер бойынша анықтау үшін деректерді «АльтерГео» ЖШҚ берген.
5.6. Бағдарламаның «Тек мәтін ғана» функциясы «Readability» бағдарламасын қолдану негізінде құрылған. «Readability» бағдарламасының ерекше құқық иеленушісі «Arc90» компаниясы «Readability» бағдарламасын Apache 2.0 лицензиясының (http://www.apache.org/licenses/LICENSE-2.0) шарттары бойынша таратады.
5.7. Бағдарламаны пайдалануға байланысты және осы Лицензияға сәйкес жіберілетін барлық мәліметтер Құпиялылық жөніндегі келісімге сәйкес сақталып өңделеді.
6.1. Бағдарлама «өз күйінде» (as is) шартымен беріледі. Құқық иесі Бағдарламаның қатесіз және тоқтаусыз жұмыс істеуіне, Бағдарламаның Пайдаланушының нақтылы болжалы және мақсаттарына сәйкестігіне байланысты, сондай-ақ осы Лицензияда көзделмеген басқа кепілдік бермейді.
6.2. Қолданыстағы заңнамада көзделген барынша көп деңгейде, Құқық иесі Бағдарламаны пайдалану немесе пайдаланбаудың және Бағдарламаның болуы мүмкін қателіктерінің салдарынан Пайдаланушыға және үшінші тұлғаларға зиян келтірілгені, соған байланысты тікелей немесе жанама салдар үшін жауапты емес.
6.3. Пайдаланушыға Бағдарламаға үшінші тұлғалардың ақпаратына, сервистеріне немесе ресурстарына өтуге рұқсат беретін үшінші тұлғамен өндірілген және орнатуға ұсынылған пернелерді косуға мүмкіндік беріледі (келесіде- «пайдаланушы пернелері»). Пайдаланушы Бағдарламаға пайдаланушы пернелерін өз тәуекеліне орнататын білетіне және түсінетіне келісім береді. Құқық иеленуші пайдаланушы пернелерін орнату арқылы қол жеткізілетін ақпараттың, ресурстар мен сервистердің жұмысқа жарамдылығын бақыламайды, заңнамаға сәйкестігін тексермейді, және пайдаланушы пернелерін орнату мен қолдану нәтижелері үшін жауапкершілігін көтермейді. Құқық иеленуші Пайдаланушыға кез келген пайдаланушы пернелерін және пайдаланушы пернелерін орнату арқылы қол жеткізілетін ақпарат, ресурстар мен сервистерді қолдану мүмкіншілігі немесе мүмкінсіздігі себебімен келтірілген зиянды өтемейді.
7.1. Осы лицензияның күші Бағдарламаның барлық келесі жаңартулары/ жаңа нұсқаларына қолданылады. Пайдаланушы Бағдарламаның жаңартулары/ жаңа нұсқасын орнатуға келісе отырып, егер Бағдарламаның жаңа нұсқасын орнату/жаңарту өзге лицензиялық келісіммен қоса берілмесе, осы Лицензияның Бағдарламаның тиісті жаңартулары жаңа нұсқаларына арналған шарттарын қабылдайды.
8.1. Осы лицензиялық келісімді Құқық иеленуші бір жақты тәртіппен өзгертуі мүмкін. Осы лицензияға енгізілген өзгерістер туралы Пайдаланушыны құлақтандыру: http://bar.yandex.ru/agreement.xml. бетінде жарияланады. Лицензиялық келісім шарттарындағы көрсетілген өзгерістер, егер тиісті жарияланымда өзгеше айтылмаса, жарияланған күннен бастап күшке енеді.