%yaBrandDTD; %yaFirstStartDTD; ]>
Құпиялылық туралы шарттың пайдаланушы Яндекс сайттарында (қызметтерінде) болған соң сол пайдаланушы туралы Яндекс ала алатын және оған байланысты болуы мүмкін барлық мәліметке қатысы бар. Бұл келісімнің Яндекстің серіктес сайттарына да қатысы бар.
Яндекс Сіз Яндекстің пайдаланушысы ретінде тіркелгенде, біздің қызметтер немесе өнімдерімізді пайдаланғанда, Яндекс сайттарында болғанда, соңдай-ақ біздің серіктестеріміздің қызметтерін пайдаланған кезде Сіз туралы жеке мәліметіңізді алады.
Сіз Яндекске тіркелген кезде, біз Сіздің аты-жөніңізді және басқа қосымша (міндетті емес) мәліметті сұраймыз. Осы мәлімет құпиясөз жоғалған кезде күйлеріңізді қалпына келтіріп Сізге кіруге мүмкіндік береді.
Яндекс Сіздің браузеріңіздегі техникалық мәліметтеріңізді – ІР адресіңіз, cookie және Сіздің сұраған бетіңізді – автоматикалық түрде алып серверлік логтарға жазып алады.
Біз электрондық почта адресіңізді (e-mail) де сұраймыз. Бұл электрондық почта адресі құпиясөзді тез және қауіпсіз қалпына келтіру үшін және Яндекс әкімшілігі сізбен шұғыл жағдайда байланысуы үшін қажет (мысалы, пайдаланылмағандығы үшін тіркеуді жояр алдында). Бұл электрондық адресті Яндекс Сіздің жазылған таратулардан басқа таратулар үшін пайдаланбайды.
Яндекс алған ақпарат барлығын біздің қызметтеріміз Сізге өте ыңғайлы және пайдалы болу мақсаты үшін пайдаланады.
Яндекс пайдаланушы туралы жеке ақпаратты ешкімге ашып сатпайды.
Яндекс пайдаланушы туралы жеке ақпаратты төмендегідей жағдайларда үшінші тараптарға беруіне құқылы:
Яндекс cookies-ті пайдаланушының компьютеріне жазып оларды кейін пайдалана алады.
Яндекс кейбір мекемелер, серіктестер немесе жарнама қызметтеріне cookies-ті Яндекс жобаларында пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда сол мекемелердің cookies-ті пайдаланатындығы осы құжатпен емес, сол мекеменің өзімен реттеледі.
Дегенмен Яндекс еш жарнама қызметі Яндекспен жобаларымызда пайдаланып жатқан cookies-ке кіре алмайтындығына кепілдік береді.
Яндекс өз пайдаланушыларына өз жеке ақпаратын немесе жеке күйлерін кез-келген уақытта өзгертуге мүмкіндік береді.
Пайдаланушы мына опцияны пайдаланып өз жеке мәліметтерін кетіре алады: «Тіркеуден бас тарту» немесе «жеке мәліметті өзгерту» Яндекс паспортында.
Яндексті пайдаланушы туралы жеке ақпаратқа немесе оның жеке күйлеріне кіру құпиясөзбен қорғалады.
Яндекс Ақпарат құпиялылығы туралы келісімге өзгерістер енгізуі мүмкін. Маңызды өзгерістер болған жағдайда, Яндекс олар туралы өз пайдаланушыларына хабарлауға міндеттенеді.
Сіздің Ақпарат құпиялылығы туралы келісімге байланысты сұрақтар мен ұсыныстарыңыз болса, олар туралы Яндекстің пайдаланушыларды қолдау қызметіне хабарлаңыз.
«« Қайту